Бас Прокурордың кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы

10 February 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2020 жылғы 10 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің ашық мәліметтерінің интернет-порталына:

-  «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке алғаш тұратын адамдар үшін бір жылға дейін сынақ мерзімін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 130 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы»;

- «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлік жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 157 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бұйрықтарының жобалары орналастырылды (бұдан әрі – бұйрықтардың жобалары).

Бұйрықтардың жобалары «Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларды жетілдіру және адамның құқықтарын күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 292-VІ ҚРЗ Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бұйрықтарың жобаларын көпшілік талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасы

 

 

 

 

Comments

Add new comment