Бас прокуратурада Тәуелсіздік күнін атап өтті

24 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас прокуратурада Тәуелсіздік күнін атап өтті - 1727176213

  Бүгін Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

 Әріптестеріне сөз сөйлеген Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен табыстарын, Тұңғыш Президент - Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін атап өтті.

 «Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан реформалар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда.  Бүгінгі таңда бізде қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы тұру үшін барлық жағдай бар  Қажетті материалдық-техникалық база жасалды.  Қазіргі заңнама біздің еліміздің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.  Жыл сайын қылмыстық ахуал жақсарып, қылмыстылық біртіндеп азайып келеді », - деді Ғизат Нұрдәулетов.

 Тәуелсіздік күнін мерекелеудің құрметіне, Елбасының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін,  заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде көрсеткен батылдығы мен адалдығы үшін бірқатар прокуратура қызметкерлері мемлекеттік марапаттарға ие болды.

 Бас прокурор әріптестеріне заңның үстемдігін нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысын білдіріп, жұмыстарына одан әрі табыс тіледі.

 

Бас прокуратурада Тәуелсіздік күнін атап өтті - 693778670