Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы туралы

24 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылдың 27-желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының қабылдануына байланысты Бас прокуратура басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп «Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетел валютасындағы ақшаны, есірткіні психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкімет қаулысының жобасын (бұдан әрі - Қаулы) әзірледі.

Қаулымен алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органның депозитіне енгізе отырып, оларды одан әрі өткізу мақсатында иесіне қайтару не оны белгіленбеген жағдайда елеулі материалдық шығындарды талап ететін заттай дәлелдемелерді сақтаудың 6 айлық мерзімі алынып тасталады.

Сондай-ақ, Қаулымен шетелдік валюта түріндегі заттай дәлелдемелерді қабылдау, қайтару, сақталуы елеулі материалдық шығындарды талап ететін заттай дәлелдемелерді өткізу тәртібі, сондай-ақ заттай дәлелдемелер деп танылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау қаруы мен құралдарының тағдыры регламенттеледі.

Қаулы жобасының толық мәтіні Электродық үкімет интернет-порталының Ашық НҚА бөлімінде жарияланған.

 

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы