Нұрғалым Әбдіров Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды

12 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының келісімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының а.ж. 12 ақпандағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі  Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы тағайындалды.

Әбдіров Н.М. 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарында қызметін 1991 жылы бастаған.

Басшылық қызметтерде тәжірибесі мол.

Бас прокуратураның үш Департаментін басқарған.

Олар: Арнайы прокурорлар, тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаменттері.

Сонымен қатар Астана, Алматы, Оңтүстік-Шығыс өңірлік көлік прокурорларының бірінші орынбасары қызмет атқарған, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы прокуратураларын басқарған.

Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 28 жылдан астам.

Осыған дейін Жамбыл облысы прокурорының лауазымын атқарған Құсайынов Ж.Қ. Бас прокуратураның өкіміне енгізілді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу