Қарағанды облысының прокуратурасы Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28а, индекс 100026 (телефон / факс: 35-35-95) бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

Қарағанды облысының прокуратурасы

Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28а, индекс 100026

(телефон / факс: 35-35-95)

бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

 

1.      Жезқазған қаласы прокуратурасының прокуроры, C-RGP-5 санаты (1 бірлік);

2.      Приозерск қаласы прокуратурасының прокуроры, C-RGP-5 санаты (1 бірлік);

3.      Қаражал қаласы прокуратурасының прокуроры, C-RGP-5 санаты (1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс уақытына):

4. Ақтоғай ауданы прокуратурасының прокуроры, C-RGP-5 санаты (1 бірлік).

 

Конкурсқа қатысушыларға біліктілік талаптар: жоғары заң білімі бар; денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарамдылығы; нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің, икемінің және дағдыларының болуы.

Еңбек ақы төлеу шарты мен көлемі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді (айлық жалақысы 125 826 теңгеден 170 068 теңгеге дейін).

Функционалдық міндеттері: қоғамдық мүдделерді қорғау бойынша және үкімдердің орындалуына прокурорлық қадағалауды, сотта мемлекеттің мүдделеріне өкілдік ету, сондай-ақ қылмыстық қудалауды жүзеге асыру. Негізгі міндеттермен қоса, прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын міндеттерді орындау.

Конкурс «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізімінде 2014 жылғы 4 шілдеде № 9561 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Құжаттар осы хабарландыру соңғы жарияланым күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы, 28а мекен-жайы бойынша қабылданады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар келесі құжаттарды тапсырады:

1)   Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2)   Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысандағы сауалнама;

3)   Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

4)   жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, Қағидаларға сәйкес 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

5)   Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6)   бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7)   еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8)   әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9)   3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

10) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексерістің қорытындылары;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.