«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша БасқҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Басқармасы» ММ Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 38-үй, тел. 8 (7152) 36-30-14, 46-31-35, эл.пошта 7157160@kgp.kz, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша Басқармасының Есіл, Мағжан Жұмабаев және Қызылжар ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есептер саласында заңдылықты қадағалау бойынша прокуроры (С-ОGP-7-санаты, 1-бірлік) бос лауазымына конкурс жариялайды.

Функционалдық міндеттері:

            ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің СҚО бойынша Басқармасының Есіл, Мағжан Жұмабаев және Қызылжар ауданы бойынша құқықтық статистика және арнайы есептер саласында заңдылықты қадағалау бойынша прокуроры құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді анықтауға және бұзушылықтарды жоюға бағытталған кешенді бақылау мен қадағалау шараларын жүзеге асырады, есепке алу-тіркеу тәртібінің заңдылығын жүзеге асырады, аталған бағытта тексеруді салыстыруды жүргізеді, Басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша өзінің құзыреттілігі шеңберінде аумақтық прокурорлармен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен өзара әрекет жасайды, прокуратура органдарымен, қылмыстық қудалау органдарымен орындаушылық істері, аудан (қалалар) аймақтарындағы соттармен статистикалық есептер көрсеткіштерімен салыстыру жүргізеді, К-1, К-2, Е-1, Е-2,Е-3, Е-4, Е-5, Л-1, Л-2, 1-Д, 3.1 нысанды ЭАЕҚ-ды СДТБЖ АДҚ-на толық және уақытында енгізілуіне бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда ЭАЕҚ өңдейді, ЭАЕҚ қылмыстық шешімдердің уақытында тіркелуіне, нақтылығы мен толық көрсету мәні бойынша СДТБТ АЖО мен Web СДТБТ күн сайын мониторинг жүргізеді, құқықтық статистика және аранйы есепке алу субъектілерімен шығарған ақпараттардың толықтығына, уақытылығына және заңды және жеке тұлғаалрдың өтініштерінің есептері бойынша ТӨБЕ АЕҚ АЖО деректер базасына енгізуіне бақылауды жүзеге асырады,  анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған,  хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдарға және жеке басы анықталмаған мәйіттерге қатысты іздестіру есеп жүргізу журналын жүргізеді, «Арнайы есепке алу ААЖ» электрондық деректер базасын жүргізеді.

Еңбек ақысы 143 523 теңгеден бастап 194 313 теңгеге дейін.

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

          Білімі – жоғары, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келуі, құқық қорғау органдарында қызмет жүргізуге денсаулық жағдайы бойынша жарамдығы.

          Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімінің, бейіні мен дағдысының болуы.

Жұмыс өтілі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысуға мына құжаттар ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылдың 4 мамырындағы № 40 Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында және мекемелерінде қызметке орналасу үшін тәлімдемеден өту және байқау өткізу Ережесіне (бұдан әрі – Ереже) бекітілген 2-қосымшасының нысаны бойынша өтініш;

2) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кадрлар есеп бойынша (тұрғылықты тұратын орынның адресі және телефондары, соның ішінде байланыс) толтырылған жеке парағы;

4) егжей-тегжейлі, өз қолымен жазбаша және компьютерде басылған түрде, жақын туыстарын көрсетумен, соның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсетумен, осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес толтырылған өмірбаян;

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі құжатының көшірмесі, нотариалды куәландырған;

6) білімі туралы құжаттар көшірмесі, нотариалды куәландырған;

7) еңбек өтілін растайтын еңбек ктапшасының көшірмесі, нотариалды куәландырған;

8) әскери билеті немесе шақыру учаскесіне үстемелігі туралы куәлігінің көшірмесі;

9) көлемі 3х4 (3 дана) фотосурет;

10) Қазақстан Республикасының 1998 жылының 2 шілдесіндегі «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңына сәйкес кірістер мен мүлік туралы декларацияларды тұрғылықты орны бойынша салық органдарына азамат және оның зайыбымен (жұбайы) тапсырылғанын растайтын құжаттар;

11) қолданыстағы заңнама нормаларын біліміне қажетті біліміне компьютерлік тестіден өту нәтижесі, конкурста қатысу үшін құжаттарды тапсырған сәттегі болған межелік мәнінен төмен болмауы керек;

Тест бойынша межелік мәні осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер бойынша жалпы сұрақтар санынан дұрыс жауаптар 70 % кем құрамауға тиісті.

12) медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өту нәтижелері, соның ішінде полиграфологиялық зерттеулер, прокуратура органдарында қызметке жарамдылығын анықтау үшін және арнайы міндетті тексеріс үшін;

13) Құқықтық статистика және арнайы есептер органдарынан соттылығы жоқтығы туралы, қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібінде бір жыл ішінде әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтамалар;  

14) Соңғы жұмыс орнынан мінездеме (оқу орнынан).

Қажетті құжаттар, барлық құжаттардың тізілімін көрсетумен құжаттар тігілетін мұқабаға салынып, әкеп тапсыруға немесе пошта арқылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасына, мына мекенжайға: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі 38-үйге конкурс жүргізу туралы жарияланым басылған күннен 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

Құжаттар тізілімінде аталған қосымшаларды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылдың 4 мамырындағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволарында және мекемелерінде қызметке оналасу үшін тәлімдемеден өту және байқау жүргізу» Ережесінен алуға болады.