Түркістан облысының прокуратурасымен бос лауазымдарға жарияланған конкурс нәтижесі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Конкурс түрі: 
Конкурс на занятие вакантных должностей Сотрудника органа прокуратуры

Түркістан облысының прокуратурасы органдары бойынша жарияланған бос лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурс комиссиясының C-RGP-5 санатындағы Келес ауданы прокуратурасының прокуроры, C-RGP-5 санатындағы Түлкібас ауданы прокуратурасының прокуроры бос лауазым орындарына жарияланған конкурс бойынша 2020 жылғы 6 ақпандағы қорытынды отырысының шешімімен:

- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы «4» мамырдағы 40-санды бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесінің» 35 тармағына сәйкес жарияланған C-RGP-5 санатындағы Келес ауданы прокуратурасының прокуроры бос лауазымына тағайындауға кандидат Амантай Жалғас Жабайұлы,  C-RGP-5 санатындағы Түлкібас ауданы прокуратурасының прокуроры бос лауазымына тағайындауға кандидат Сапарбек Бексултан Қарабайұлы ұсынылды.

- Бос орынға орналастыру резервіне енгізуге кандидаттар Арысбай Нұрсұлтан Талғатұлы, Бекболат Бекжан Нұрболатұлы, Есенбек Нұрлан Қайратұлы, Оналбек Ғалымжан Маханбетжанұлы, Сарыбек Арман Сәкенұлы, Тұрғали Бауыржан Мырзағалиұлы ұсынылды.

 

 

Түркістан облысы

прокуратурасының

кадрлық даму тобы