

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2015 жылғы « »_____№___ бұйрығына
4-қосымша
«Қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы талаптар
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен дайындалған.
3. Мемлекеттік қызмет осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасына сәйкес тізімдегіқылмыстық қудалау органдарымен көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет көрсетуші).
Мемлекеттік қызмет көрсету барысында арыздар мен хабарларды және басқа да ақпаратты(бұдан әрі - арыздар) қабылдау және нәтижесін беру қызмет көрсетушінің кезекші бөлімімен жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің мерзімі:
1) көрсетілген қызметті көрсетушіге құқық бұзушылық туралы арызды тапсырған уақыттан бастап - 30 (отыз) минут ішінде;
2) өтінішті тапсыру барысында кезекте тұру уақыты барынша - 15 (он бес) минутты құрайды;
3) барынша қызмет көрсету уақыты - 45 (қырық бес) минутты құрайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу және Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодекстің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 185 –бабына сәйкес осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша хабарлама – талонын беру.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну: қағаз жүзінде.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетілу (бұдан әрі– қызмет алушы).
8. Кезекші бөлімде қызмет көрсетушінің кезекшілігі – тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету қызметі алдын-ала жазылусыз, кезектік тәртіппен жүзеге асырылады.
9. Қызмет алушының қызмет көрсетушінің мемлекеттік қызметіне жүгінудегі қажетті құжаттардың тізімі:
1) осы мемлекеттік қызмет стандартының 3 қосымшасына сәйкес жасалған немесе жоспарланған қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініш.
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе оның заңды құқықты өкілін өкілеттігін растайтын (тұлғаны сәйкестендіру үшін).
Қызмет қабылдаушы басқа да құжаттарды және материалдарды тапсыруға құқылы.
Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалардың және заңды тұлғалардың өтініштерді, құжаттарды және материалдарды нақтылайтын қосымшамен тапсырылады.
ҚР ҚПК-нің 181 бабының талаптарына сәйкес ауызша өтініш оны қабылдау туралы жеке хаттамаға еңгізіледі.
Қызмет қабылдаушы мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларын қоспағанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419 бабының талаптары бойынша көрінеу жалған сөз жеткізу үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы туралы ескертіледі.
10. ҚР ҚПК-нің 185 бабының талаптарына сәйкес өтініштіқабылдау мен тіркеуден бас тартуға жол берілмейді және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша қызмет көрсетушінің және олардың жұмыскерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық сұрақтары бойынша қызмет көрсетушінің, қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 13 қосымшасындағы мекен – жай бойынша жүзеге асырылады.
Өтінімдер пошта байланысы, жазбаша түрде немесе қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қолма – қол қабылданады.
Өтінімдер қабылдануынын нақтылануы қызмет көрсетушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмері, және түскен күні шағымның екінші данасына немесе жолдама хатқа қойылады).
Шағымда:
1) жеке тұлға – оның тегі, аты – жөні, әкесінің аты(болған жағдайда), пошталық мекен – жайы көрсетіледі;
2) заңды тұлға – оның атауы, пошталық мекен – жайы, шығыс номері және күні көрсетіледі.
Бар болған жағдайда – телефон және электрондық мекен – жайы.
Өтініштің қаралу нәтижесі бойынша негізделген жауап шағымданушыға пошта арқылы немесе қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы қолма – қол беріледі.
12. Мемлекеттік қызметтің көрсетілген қызметімен келіспеген жағдайда шағым иесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша прокуратураға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Көрсетілетін қызметті берушінің кезекші бөлімдерінде мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдай көзделген.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылған:www.prokuror.kz., mvd.gov.kz., www.anticorruption.gov.kz, www.knb.kz., www.kgd.gov.kz., mod@mod.gov.kz., info@sgork.gov.kz.
15.Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондарыкөрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
«Қылмыстық құқық бұзушылық
туралы өтініштерді, хабарламаларды
және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу»
мемлекеттікқызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Қылмыстық қудалау органдарының тізімі
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен оның аумақтық құрылымдары;
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен оның аумақтық құрылымдары;
3. Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі мен оның аумақтық құрылымдары;
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы мен Шекара қызметі, және олардың аумақтық құрылымдары;
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті мен оның аумақтық құрылымдары;
6. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен оның аумақтық құрылымдары;
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.
«Қылмыстық құқық бұзушылық
туралы өтініштерді, хабарламаларды
және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу»
мемлекеттікқызмет көрсету стандартына
2 - қосымша
ТАЛОН-ХАБАРЛАМА карточки) |
ТАЛОН-ХАБАРЛАМА |
«Қылмыстық құқық бұзушылық
туралы өтініштерді, хабарламаларды
және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу»
мемлекеттікқызмет көрсету стандартына
3-қосымша
Нысан
Барлық жолдар толтырылуы қажет*
Бастыққа (органның атауы, тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері) * |
_________________________________________ _________________________________________ |
Т.А.Ә. тұлғасынан; туған күні, айы, жылы, туған жері. * |
_________________________________________ _________________________________________ |
білімі, отбасы жағдайы, жұмыс орны, лауазымы * |
_________________________________________ _________________________________________ |
тіркелу мекенжайы, іс жүзінде тұратын мекенжайы (заңды мекенжайы) * |
_________________________________________ _________________________________________ |
байланыс телефондары (үй, жұмыс, ұялы) * |
_________________________________________ _________________________________________ |
электрондық мекенжай |
_________________________________________ |
жеке куәлігі, төлқұжаты (нөмірі, сериясы, берілген күні) * |
_________________________________________ |
Бұрын осы қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызбен басқа құқық қорғау органына жүгінді ме (арыз беру күні, органның атауы)? * |
_________________________________________ _________________________________________ _________________________________________ |
Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық
құқық бұзушылық туралы
ӨТІНІШ
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 419-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізу үшін ең ауыр жаза 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді
(қолы)______________(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
Мен, ____________________________ , келесі тұлғаны қылмыстық
жауапкершілікке тартуды сұраймын, ол __________________________
__________________________________________________________
(азамат, лауазымды немесе өзге тұлға)
*.Атауы келіп түскен себепке байланысты өзгереді (кінәсін мойындап келу, лауазымды тұлғаның хабарламасы және т.б.)
__________________________________________________________________
Қылмыстық құқық бұзушылық жасалуының уақыты, орны және тәсілі (жағдайларды егжей-тегжейлі баяндаумен
__________________________________________________________________
қылмыстық құқық бұзушылық орын алған дәл тәулік уақыты)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
2.Қылмыскер (лер) туралы ақпарат (қылмыстық құқық бұзушылықты таныс адамдар жасаған жағдайда олардың
__________________________________________________________________
тұрғылықты мекенжайы, Т.А.Ә., қылмыскермен қатынастары, қылмыстық әрекеттердің себептері, ортақ таныстар, __________________________________________________________________
қылмыстық құқық бұзушылықты бейтаныс адам(дар) жасаған жағдайда олардың жынысын, жасын, бойын, шашын,
__________________________________________________________________
айрықша белгілерін (тыртық, мең, акцент және т.с.с.), нәсілін, ұлтын, дене бітімін және т.с.с.көрсету)
__________________________________________________________________
3.Қылмыстық құқық бұзушылық тигізген залалдың сипаты (мүлікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша:
__________________________________________________________________
егер белгілі болса, залалдың теңгедегі сомасы, қолсұғушылық заты болған мүлік, олардың
__________________________________________________________________
егжей-тегжейлі сипаттамасы; жеке адамға және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша:
__________________________________________________________________
тигізілген дене зақымының сипаты, олардың шоғырланған орны, зақымдар тигізілген зат,
__________________________________________________________________
қылмыстық қолсұғушылықты жасаған тұлғалардың әрқайсысының рөлі,
__________________________________________________________________
медициналық мекемеге жүгінді ме, тексеруді қашан, қайда, кім жасады)
__________________________________________________________________
4.Заттай дәлелдемелер (қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар киім, заттар және басқа да
__________________________________________________________________
соның ішінде, қылмыскер қалдырып кетуі мүмкін нәрселер)
__________________________________________________________________
5.Қосымша мәліметтер (қылмыстың куәгерлері мен өз көзімен көргендер, олардың тұрғылықты жері,
__________________________________________________________________
оқиғаның мүмкін аудио-бейне жазбасы және басқа да тіркелген мәліметтер)
Арыз менің сөзімнен дұрыс жазылды (басылды) және мен оқып шықтым
(арызды өз қолыммен жаздым (бастым)).
(керегін сызу)___________(қолы)
Жоғарыда баяндалғандардан басқа, осы қылмыстық құқық бұзушылыққа мәні бар басқа да мәліметтер арыз берушіге беймәлім.
______________( қолы)
«__»_________20__ ж.
«___» сағ. «___» мин.
Қосымша: ___________________________________________________
(қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз (жасалған хабарлама) расталатын құжаттар мен өзге материалдардың тізімдемесі)
Арызды қабылдады:_______________________________ _______________
(қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеуге уәкілетті лауазымды тұлға, лауазымы, қолы, тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері)
№ _______________________ талон-хабарлама берілді
«__»_________20___ жылы
«___» сағат «___» минут